Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Жұматұлы Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Жұматұлы Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды

Е. Жылқыбаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Леңгір қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика департаментінің бас маманы болып бастаған. Түрлі жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан 2019 жылдың наурызы аралығында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауазымын атқарған. Биылғы 26 наурыздан бастап қазірге дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.