Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Сәрсенбі, 24 сәуір күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Бұл күні 30-дан астам адам қабылданды, олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары ғана емес, Павлодар облысынан, Шымкент қаласынан және басқа өңірлерден келген адамдар да болды. Азаматтар өз өтініштерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, зейнетақы, жәрдемақы төлеу, мүгедектерді қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысын төлеу және т. б. мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын білдірді.

Министр өтініш білдірген адамдардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, тиісті департаменттерге қолданыстағы заңнама шеңберінде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге көмек көрсетуді тапсырды.