
Сабира Мамилеева отбасымен бірге 2018 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Космос ауылынан Үржар ауылына көшіп келді. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көшіп келу шығындары мен тұрғын үйді жалдау шығындарына субсидиясын алды. Алғашында шаштараз мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, соңынан Үржар ауылында өз ісін ашып, қазыргі күні өз-өзіне қызмет жасауда.