БЖТ қалай төленеді?
БЖТ екінші деңгейлі банктер (Халық банк, Форте банк, Цесна банк, Kaspi bank, Шинxан банк, Банк Центр Кредит) және "Қазпошта" бөлімшелері арқылы ЖСН тере отырып "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының банктік есеп шотына аударуға болады.
Өз кезегінде Мемлекеттік корпорация аударылған әлеуметтік төлемдерді (МӘСҚ,БЖЗҚ,ӘМСҚ) және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджет салығына үлестіреді.
Бүгінде 3000-ға жуык төлем төленді. БЖТ-ны онлайн түрде төлеу мәселесі де шешілген.
Бұл орайда онлайн-төлемді "e-Gov” арқылы төлеу ақпан айының соңына дейін енгізілетін болады.
Мобильді қосымшалар арқылы төлеуді өзге екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асыру мәселесін банктердің өзі талқылап жатыр.