5 жыл ішінде Қазақстанда өндірістік жарақат 22 % төмендеді

5 жыл ішінде Қазақстанда өндірістік жарақат 22 % төмендеді

Еңбекті қорғау саласында жүргізілген кешенді шаралардың арқасында өндірістік жарақаттану бойынша жағымды динамика сақталып отыр. Соңғы 5 жыл ішінде жарақаттану 22 пайызға төмендеді. 2018 жылы жазатайым оқиғалардың салдарынан 1 568 адам зардап шекті,бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға төмен. 220 адам қайтыс болды, бұл 2017 жылдың көрсеткішінен 9,8 % төмен.
Осы бағытта жұмыс жалғасуда.