
2018 жылы заңсыз еңбек қатынастары орын алып отырған экономика салалары бойынша (ауыл шаруашылық, сауда, қоғамдық тамақтану және тағы басқа) «Еңбек келісім-шартын жасаңыз» акциясы өтті.
Республика бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 10 мыңға жуық жұмыс беруші жұмысшылармен еңбек қатынасын заңдастырды. Бұл орайда 37,9 мың еңбек келісім-шарты жасалды.
Қолға алынған шаралар республика кәсіпорындарда әлеуметтік тұрақтылықты қамтуға мүмкіндік берді.
2019 жылы Қазақстанда өндірістік жарақаттануды төмендету үшін (жазатайым оқиғаның коэффиценті 1000 адамға санағанда 0,27% дейін) өндірісте жарақаттануды және зиянды жұмыс жағдайларын төмендету бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Кешенді жол картасы қабылданатын болады. Бұл «Еңбекті қорғау жылы» аясында қолға алынып отырған шара.
Еңбек жанжалдарын болдырмау үшін ҚР Үкіметімен бекітілген әлеуметтік-еңбек жанжалдары бойынша ескерту және рұқсат беру Кешенді жоспарын жүзеге асыру барысында қосымша құралдары әзірленетін болады;
ҚР Президентінің тапсырмасын орындауда ең төменгі жалақы алатын жұмысшылардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүргізіледі.
ҚР заңдарының сақталуы бойынша еліміздегі барлық кәсіпорындарда профилактикалық бақылау жүргізу енгізілді.
Еңбек қатынастарын реттеу саласында, электронды еңбек келісім-шарттарын қоса алғанда цифрландыру бойынша Жол картасы жүзеге асырылды.