
Үшінші бағыт шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстарға жолдау, өңірлерден өңірлерге көшу үшін мемлекеттік қолдау көрсету арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету қарастырылған.
Осылайша, есепті кезеңге:
- әлеуметтік жұмыс орындарына 16,5 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған кезде 20,1 мың адам жұмысқа орналасты.
- жастар практикасына 20,8 мың адамды жолдауға жоспарланған кезде 24,6 мың адам жолданды немесе жоспардың 103%-ы,
-қоғамдық жұмыстарға 75,4 мың адам жолданды немесе жылдық жоспардың 100%-ы.
Қоныс аудару - солтүстік өңірлерден 2 336 отбасын (9,3 мыңадам) көшіру жоспарланған кезде 1 278 отбасы (4 687адам)көшірілді. Оның ішінде жұмысқа қабілетті 2 138 адам болып табылады. 1 150 адам немесе 54%-ы тұрақты жұмысқа орналасқандар.