
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1 қазанына «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына 523,7 мың адам қатысқан, оның ішінде 229,6 мың адам жұмыссыздар, 93,0 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ал қалғандары жұмыс күші құрамына кірмейтіндер (ТжКБ-да оқып жатқандар). Есепті күнге 411 мың адам жұмысқа орналасты, олардың ішінде 293,5 мың адам немесе 71 %-ы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа тұрған.
Бағдаралам үш бағыт бойынша жүзеге асады: Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.