
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген еңбек нарығындағы жағдайдың мониторингі бойынша 2018 жылдың 9 айындағы қортындысы.
Жұмыспен қамту орталықтарына жүгенген азаматтар күзетші, тәрбиеші, саудагер-кеңесші мамандығына көп сұранады.
Сұранысқа ие 10 мамандыққа - әртүрлі жұмыс атқарушылар, темір-шебері, әлеуметтік жұмысшы кіреді. .
Жұмыс берушілер тарапынан көп ұсынылатын 7 мамандыққа –қосалқы жұмысшы, мұғалім, жинап тазалаушы, жүргізуші, медбике, күзетші, санитар кіріп отыр. Бұл мамандықтар бойынша жұмысқа тұру артқан.
Ал тапшы болып отырған мамандықтар арасында алда тұрғандары– қосалқы жұмысшы (20522 жұмыс орны), күзетші(3953), медбике (мейіргер) – 3683, санитар (2531), автокөлік жүргізушісі (2322), ғимаратты жинаушы (2273), тәрбиеші көмекшісі (2135), жүк тасушы (1864), өндірістік және қызметтік ғимараттарды жинап, тазалаушы (1733), жалпы тәжірибедегі дәрігер (1677).
Тым көп мамандықтарға: заңгер(1510 жұмыс орны), техник-программист (706), қаржыгер (570), жалпы бағдардағы экономист (558), елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмысшы (487), курьер (428), жалпы бағдардағы техник-технолог (344), заңгер-кеңесшісі (219), жағалау маңында аулайтын балықшы (167), бастауыш мектеп педагогы (146).