
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген еңбек нарығындағы жағдайдың мониторингі бойынша 2018 жылдың 9 айындағы қортындысы осындай.
2018 жылдың 9 айында Қазақстандағы 200 халықты жұмыспен қамту орталығына 543,6 мың адам өтініш білдірген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 33,1 мың адамға көп ( 6,5%).
Жұмыс іздеп өтініш білдіргендердің 48,8%-н әйелдер құрайды, 38% - 29 жасқа дейінгі жастар және 17,7 % - өзін-өзі жұмысен қамтыған азаматтар құрап отыр.
Тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 294,5 мың адам, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырған бұл көрсеткіш 81,7 мың адамға көп (немесе 38,4%).
Азаматтарды жұмыспен қамту барысы көрсеткендей, жұмысшылар еңбекақысы төмен жұмыс орындарын көп ұсынады. Жұмыс іздегендердің 75% айлығы 50 мың теңгеден аздау жұмысқа тұрса, тек 2% ғана 100 мың теңге және одан да жоғары еңбекақы төлейтін жұмысқа қол жеткізген.
Онымен бірге жұмыс орындары туралы ақпаратты толтыру сапасы төмен болып отыр. Жұмыс берушілер ұсынған жұмыс орындарының 2% -да еңбекақы көлемі көрсетілмеген. Ал көптеген жағдайларда жұмыс берушілер ең төменгі жалақы көлеміндегі айлықты ұсынады.
Жұмыс берушілермен өткізілген бетпе-бет тілдесу барысында жұмыс іздеушілер үшін әлдеқайда жоғары деңгейдегі еңбекақы қойылуы мүмкін.