М. Әбілқасымова: Біздің басты міндетіміз — формалды емес жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқығын қорғау

М. Әбілқасымова: Біздің басты міндетіміз — формалды емес жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқығын қорғау

Бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтуге болады?» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Бірыңғай жиынтық төлемді енгізудің үш негізгі міндетін атады. Бұл — әлеуметтік қолдауды кеңейту мен еңбек және экономикалық құқықты қорғау.

«Азамат өзінің қызметін толығымен тіркеген кезде ол әлеуметтік тұрғыдан да, еңбек заңнамасы бөлігінде де қорғалады және ең бастысы оның экономикалық мүмкіндіктері, әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері кеңейеді», — деді министр.

Бірыңғай жиынтық төлемді 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін енгізу көзделген.