
Осы аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев EXPO Astana алаңында өткен Astana Hub-қа сарапшы ретінде қатысты.
Astana Hub – бұл IT-бизнестегі толыққанды ақпараттарды ұсыну, оның ішінде жергілікті нарықты бағамдау, практикалық кейстер мен сараптамалар, IT-кәсіпкерлерден кеңестер мен тағы басқаларды біріктіретін алаң.
Н. Мұқышев электронды еңбек биржасының жұмысы және электронды еңбек келісімшарттарын енгізу туралы ойлармен бөлісті. Бұл жұмысқа орналасудағы қаржылық және уақыт шығындарының айтарлықтай жеңілдетеді. Ол сондай-ақ, министрлік ұсынатын белсенді қызметтердің артықшылықтарына назар аударды.
Жиын сұрақ-жауап бағытында өрбіп, Вице-министр Министрлік жұмысының аясында ІТ-индустриясын дамыту және цифрландыру туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Шараға қатысқандар өздері қызығушылық танытқан сауалдарды ғана жолдап қоймай, ақпараттар мен практикалық кеңестер алды, сондай-ақ IT-технологиялар саласындағы өз тәжірибелерімен де бөлісті.
Қорыта айтқанда, Astana Hub белсенді ашық диалог алаңы болды.