
Есеп беру кезінде барлық азамттар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын Министрге тікелей жолдай алады және сауалға жауапты бірден сол кездесуде я болмаса жеке хабарламамен ала алады.
«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 жарлығында көрсетілгендей, Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова министрлік қызметінің нәтижелері, елде жүзеге асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, ведомстваның стратегиялық жоспары мен жетекшілік ететін салаларын дамыту бойынша алда тұрған міндеттердің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп береді.
Сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы байланысқа шығуға болады 8 (7172) 74-36-04, 8 (7172) 74-28-55, 8 (7172) 74-37-23 немесе press_mtszn@mail.ru , kense@enbek.gov.kz электрондық поштаға жолдауға, немесе «Рұқсат беру бюросы» залында орнатылған пошта жәшігіне салуға болады.
Сондай-ақ, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің блогына, «Ашық диалог» порталына http://www.enbek.gov.kz ресми интернет-ресурсы арқылы жібере аласыз.
Өтетін орны: Астана қ. Д. Қонаев к-сі 4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының концерт залы.
Шараның өтетін уақыты:
Жұма, 29 маусым, сағат 11:00.
Келем деушілерге есік ашық.