
Құрметті Ұлы отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Аласапыран соғыстың барлық қиын-қыстау кезеңінен аман өтіп, ерліктеріңізбен бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлағандарыңыз үшін сіздерге шексіз алғыс айтып, құрметімізді білдіреміз.
Сіздердің көрсеткен батылдық пен күш-жігерлеріңіздің арқасында Ұлы Жеңістің ақ таңы атып, бүгінгі бейбіт күнге жеттік. Бүгінгі бейбіт күнде Еліміз сан-салада дамыды, тәуелсіз Қазақстан құрылды. Өскелең ұрпақ үшін ардагерлеріміз «Ерлік дастанына» айналды.
Сіздерге зор денсаулық, өркендеу мен ұзақ ғұмыр тілейміз! Ортақ үйіміз Қазақстанда қашанда бейбіт өмір сақталып, аспанымыз ашық болсын!
Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!