
Елбасының шағын несиені кеңейту жөніндегі төртінші әлеуметтік бастамасы - бұл халық табысының еселенуіне және әрбір қазақстандықтың өмір сапасының жақсартуына ықпал ететін Мемлекет басшысының зор қолдауы.
Бұл ретте Елбасы 2018 жылы қосымша 20 млрд. теңге бөліп, берілетін шағын несиенің жалпы көлемін 62 млрд. теңгеге жеткізуді тапсырды.
Аталған бастама кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың аз қамтылған санатының табысының артуына, сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ресімдеуде күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қазір шағын несие берудің 2017-2021 жылдарға арналған жоспары Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
2017 жылы бұл бағытқа 41,2 млрд. теңге қарастырылып, 7,2 мың шағын несие рәсімделді, оның ішінде 6,8 мыңы ауылдық жерлерде берілді.
Ал, 2018 жылы халықты шағын несиелендіру бағдарламасына бюджеттен 42 млрд. теңге бөлінді.
Мемлекет Басшысының тапсырмасымен оны қаржыландыру 20 млрд. теңгеге артып, биыл шағын несиелендірудің жалпы көлемі 62 млрд. теңгені құрайтын болады.
«Бақытжан Әбдірұлы сіздің тапсырмаңызға сай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, осы бастаманы іске асырудың нақты механизмдерін әзірледі.
Микрокредит беру бағдарламасын ауылдық жерлерде Ауыл шаруашылығы министрлігі, қалалар мен моноқалаларда - Ұлттық экономика министрлігі қадағалап, жүргізетін болады.» – деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.
Президенттің төртінші бастамасы шеңберінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төмендегі тәсілдерді ұсынады:
Бұдан басқа, бүгінгі күні бизнес жобаларды қорғау және микрокредиттерді алу үшін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар алдымен «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқудан өту керек. Бұл ретте, биыл бөлінген қосымша қаражатты ескере отырып, осы мақсатқа кемінде 1,2 млрд теңге бөлу ұсынылады.