
Бұл ақпаратты Сізге үйден шықпай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының www.gfss.kz сайтынан алуға болады. Ол үшін өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) терсеңіз жеткілікті.
Ақпарат: Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем әлеуметтік аударымдарды төлеу ұзақтығына байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. Төлемді алу үшін Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу қажет және сол жерде төлемге өтініш беруге болады.