МӘСҚ әлеуметтік төлемдер тағайындаудың «online-бақылау» қызметін іске қосты

МӘСҚ әлеуметтік төлемдер тағайындаудың «online-бақылау» қызметін іске қосты

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының www.gfss.kz сайтында және Smart-Astana мобилдік қосымшасында құжаттарды тапсырудан бастап әлеуметтік төлемді тағайындағанға дейінгі «online-бақылау» қызметі іске қосылды.

Анықтама: МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдер әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша тағайындалады:

  • еңбек ету қабілетінен айырылуы;
  • асыраушысынан айырылуы;
  • жұмысынан айырылуы;
  • жүктілігіне және босануға;
  • жаңа туған баланы асырап алуға;
  • бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне.