
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің жанындағы жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктерініне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің республикалық бiрлестiктерi, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері Министрлікте аккредиттеуге жатады.
Өтiнiш берушi аккредиттеу алу үшiн Министрлікке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.
Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктері Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қамтитын нормативтық құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауға құқық алады.
Құжаттар интернет-ресурста хабарлама орналастырылған күннен бастап 2018 жылғы 3 наурыз қоса алғанға дейін Астана қаласы, Мәңгілік ел д., 8 үй,
6 кіреберіс мекен-жайында қабылданады.
Телефон: 743213, 743586.