«МӘСҚ» АҚ Telegram мессенджерінде өз арнасын ашты

«МӘСҚ» АҚ Telegram мессенджерінде өз арнасын ашты

Енді Telegram мессенджерін қолданушылары кез келген уақытта әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы қажетті ақпаратты алуына болады. Әлеуметтік аударымдарды қалай төлеуге болады, қате төленген әлеуметтік аударымдарды қалай қайтаруға болады? Еңбек ету қабілетінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуға, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алуға кімнің құқығы бар? Төлемдерді алу үшін қайда жүгіну қажет? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға Telegram мессенджерінің @gfss.kz арнасынан жауап алуға болады.