
Бұл ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің осымен 30-шы рет кездесуі.
Кеңес жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысады.
ТМД мемлекеттерінің тиісті министрліктері мен ведомстволарының басшылары және сарапшылары әлеуметтік-еңбек және көші-қон саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын болады.
Консультативтік кеңестің міндеті - еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік, еңбек қорғау, жұмыспен қамту проблемаларын шешу, көші-қон, халықтың әлеуметтік жағдайын және радиация зардабын тартқа азаматтардың денсаулығын қорғауда, өзара іс-қимылда келісілген саясат пен шараларды одан әрі дамыту болып табылады.
Биылғы жиынға Ресей төрағалық етеді. Кеңес күнтәртібінде Достастық елдерінде отбасылық-демографиялық саясат, отбасыларды, әйелдер мен балалардың әлеуметтік қорғалуы тағы бір пысықталады.
Сонымен қатар, жиында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық қорытындылары және болашақ міндеттері де талқыланады.
2020 жылға дейінгі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық даму Стратегиясы, жалпы еңбек нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру тұжырымдамасы, және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің еңбек көші-қонын реттеу, 2017-2020 жылдарға арналған Біртұтас еңбек нарығын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар да осы жиынның басты тақырыбының бірі болады.
Сондай-ақ, осы Кеңес аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың РФ Еңбек министрлігінің басшысы Максим Топилинмен екі жақты кездесуі жоспарланған. Онда екі тарап өзара әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды деп күтілуде