Жыл басынан бері 200 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері 200 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды

2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысуға ниет білдірген 213 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстарынан 23 мыңнан астам азамат білім алып, оның 10 мыңға жуығы  тұрақты жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, жастар тәжірибесі бойынша еңбекпен қамту мәселесі өзектілігін байқатуда. Бұл бағыт аясында 21 мыңнан астам адам жұмысқа тұрды.

Ал, Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» тұрғысында шағын қалалар мен ауылдарға 6 мың шағын несие бөлінді. Осының арқасында 3 800-дей стартап-жобаны жүзеге асыру мүмкін болды.