
2017 жылдың 3 қазан күні «Республикалық санитарлық авиация орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының АН-28 әуе кемесі Алматы-Шымкент бағдары бойынша ұшып келе жатып, сағ. 18:45-те Алматы қаласынан 28 шақырым қашықтықта, Алматы облысы Междуреченское ауылы аумағында назардан жоғалғаны байқалды. Аталған ұшақ санитарлық рейс орындауда болған.
Республикалық санитарлық авиация орталығы директоры Отартаев Н.К. ақпараты бойынша, бортта 5 адамның үшеуі экипаж мүшесі және екеуі дәрігер болған.
Осы орайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ә.Сарбасовтың төрағалығымен оқыс оқиғаны тексеру комиссиясын құрды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Бас мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ә.Сарбасов жүр.