
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесімен (ШИК) еңбек заңнамасы, адами капиталды дамыту және шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған бірлескен жұмыс тобының отырысын өткізді.
Б. Сапарбаев отырыстың басында еліміздің инвестициялық тартымдылығын құруға, жоғары білікті мамандарды тартуға бағытталған жағдайларды кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмысты атап өтті.
Жұмыс тобының тең төрағасы Дмитрий Пропп, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Байдашева және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының м.а. Ерлан Райғаниев және басқалар баяндама жасады.
Кездесу барысында бірлескен жұмыс тобының 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары және 2018 жылғы жұмыс жоспарының орындалу барысы қаралды. Қатысушылар, сондай-ақ «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және жетілдіру үшін инвесторлармен әріптестік жол картасын» іске асыру барысы туралы және «Адами капиталды дамытуға» арналған Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысына дайындық мәселелерін талқылады.
Еңбек министрлігінің басшысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, кәсіптік стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысына дайындық мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.