
Жыл басынан бері еңбек инспекторлары 956 кәсіпорынның 2,08 млрд тенге көлеміндегі жалақы қарызын анықтады. Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне барлығы 127,7 млн теңгені құрайтын 588 айыппұл салынды. Сондай-ақ 816 орындауды талап ететін ескерту берілді.
Осылайша, мемлекеттік еңбек инспекциясының жұмысы нәтижесінде 12,9 мың жалақысыз қалған жұмысшыға, 1,68 млрд теңге мөлшеріндегі еңбекақы қарызы өтелді.
Бүгінгі таңда еңбекақыны төлеу бойынша заңбұзушылық деректерін анықтау жұмыстары жалғасуда.