
Қазақстандықтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының магистранттары мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның бірлескен «Еңбекке жол» жобасы аясында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасының нәтижелерін онлайн қадағалай алады.
Еңбек министрлігінің сайтында «Еңбекке жол» қосымша бетімен prz.enbek.gov.kz (мобильді нұсқасымен) танысуға болады, ол арқылы «Енбек» мемлекеттік бағдарламасының артықшылықтары мен мүмкіндіктерін ғана біліп қана қоймай, сонымен қатар бағдарламаға қатысушылардың нақты оқиғаларын білуге болады. Жоба жылдың басында іске қосылды, оның мақсаты 25 мамырға дейін Қарағанды облысының жұмыссыз жастарын мемлекеттік бағдарламаға тарту болды.
Жобаның қатысушыларымен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мектеп бітіруші сынып оқушыларымен, М. Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжінің қызметкерлерімен, сондай-ақ «Еңбекке жол» жобасы таныстырылған жұмыссыз жастармен және Қарағанды облысының барлық аудандарының Жастар ресурстық орталықтарының басшыларымен кездесу ұйымдастырылды.
2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, Қарағанды облысының «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тартылған жұмыссыз жастар саны бес мыңнан асты. Барлығы 4 478 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 181 адам қамтылды, кәсіпкерлік негіздеріне «Бастау бизнес» бағыты бойынша 195 адам оқытылды, әлеуметтік жұмыс орындарына 165 адам, жастар тәжірибесі бойынша 202 адам, қоғамдық жұмыстарға 1038 адам, 3073 адам мәліметтер базасындағы бос жұмыс орындарына орналастырылды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қарағанды облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,7% - ға дейін төмендеді, ал өткен жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 5,3% - ды құраған.
«Еңбекке жол» жобасын республиканың басқа өңірлерінде іске асыру жоспарланып отыр.