ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Мемлекеттік қызметші күнін атап өтті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Мемлекеттік қызметші күнін атап өтті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Мемлекеттік қызметші күніне орай, үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Министр Тамара Дүйсенова қарамағындағы ұжымды төл мерекесімен құттықтап, бірқатар қызметкерге "Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі" төсбелгісін және Құрмет грамотасын табыстады.

Еңбегі еленген әріптестерінің атынан аға буын өкілі Әлім Байсақалов баршаға алғысын жеткізіп, әрі қарай да ел қамын ойлайтын азаматтар қатарынан табыла беретіндеріне уәде берді.