
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері Алғыс күніне орай зейнеткерлер мен аз қамтылған тұрғындар үшін азық-түлік себеттерін жинады.
Алғыс күні қарсаңында олар 102 жастағы Астана тұрғыны Дана Досполованы құттықтады.
Қайырымдылық ақциясы 2 наурызда да жалғастырылды. Бүгін ҚР ЕХӘҚМ қызметкерлері тыл еңбеккері Лидия Лобанова мен табысы күнкөріс деңгейінен төмен төрт отбасыға көмек көрсетті.
Азық-түлік себеттерінің құрамына жарма, шай, тәттілер және басқалары кірді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні мен Алғыс күні болып белгіленді. 2016 жылғы 1 наурызда Алғыс күні алғашқы рет өткізілді.