А. Биахметов жұмыс сапарымен Абай және Павлодар облыстарына барады

А. Биахметов жұмыс сапарымен Абай және Павлодар облыстарына барады

2025 жылдың 29 қыркүйегінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов жұмыс сапарымен Абай өңіріне, 30 қыркүйекте Павлодар облысына барады. Вице-министр кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың жұмысын тексеріп, қоғамдастықпен және халықпен кездесулер өткізеді, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Жұмыс сапары барысында облыс тұрғындарымен әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың сұрақтары қаралатын болады.

Вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), электрондық үкімет порталы Egov.kz, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraktar.kz).

Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74-37-23, 74-36-79.