Бішкек қаласында Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы шеңберінде 2022 жылғы 27-28 қыркүйекте «Еңбек нарығы туралы Еуразиялық диалог» атты екі күндік халықаралық форум өткізілді.
Форумның екі күндік жұмысы шеңберінде ЕАЭО мемлекеттері жұмысшыларының және олардың отбасы мүшелерінің жұмысқа орналасу мемлекетіндегі құқықтарын әлеуметтік қамтамасыз етудің өзекті тақырыптары, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің жұмысқа орналасу мемлекетінде болу, еуразиялық интеграция шеңберінде жұмысқа орналастырудың ұйымдастырылған нысандарын дамытуға жәрдемдесу кезеңінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.
Халықаралық конференцияға Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министр) Бақытжан Сағынтаев, Өзбекстанның жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Нозим Хусанов, Ресей мигранттары федерациясының президенті Вадим Коженов және т. б., сондай-ақ ЕАЭО мүше Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының өкілдері, сарапшылар қоғамдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жеке жұмыспен қамту агенттіктері, министрліктер, диаспоралар және жұмыс берушілер қатысты.
Сонымен қатар, министрліктің өкілдері Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры – А.Н. Ниязов, Ұлттық біліктілік және болжау жүйесін дамыту департаментінің директоры – Д.А. Жұбанова, Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары-Е.М. Абулхатин баяндама жасады.
Іс-шара соңында Халықаралық форумға қатысушылардың ұсыныстары мен бастамалары негізінде әзірленген Қарар қабылданды.