«Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 185-ө өкімін іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасы 2022 жылғы 6 қазанда жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесіне қарау және келісу үшін жіберілді.