Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы III тоқсандағы Ішкі аудит басқармасының аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша ақпарат

2022 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит басқармасы ағымдағы жылдың 3 тоқсанында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-де (бұдан әрі – Мекеме) аудиторлық іс-шара өткізілді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша бюджет қаражатын жоспарлау, жалақыны есептеу және төлеу, іссапар шығындарын өтеу бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың себебі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын лауазымды тұлғалардың сақтамауы болып табылады.

Қаржылық бұзушылықтардың анықталған сомалары толық көлемінде бюджетке өтелді.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объектісінің басшысына ішкі аудит нәтижелері туралы есепке Министрдің шеші жіберілді және Қазақстан Республикасы заңнамасын одан әрі бұзушылықтарды жою және алдын-алу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар, аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша ішкі аудит объекті жұмысының тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті, оның ішінде ведомствоішілік бұйрықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.

Басқарма объектілерге ішкі аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетілді.

Дата публикации
28 сентября 2022
Дата обновления
28 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы