Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 25 және 26 тамыз аралығында Қырғызстанда Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына орайластырылған ТМД және ЕАЭО «Келешек» жастар форумы өтті

2022 жылғы 25 және 26 тамыз аралығында Қырғызстанда Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына орайластырылған ТМД және ЕАЭО «Келешек» жастар форумы өтті.  

Іс – шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген жас кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, креативті жастар өкілдері, жас дипломаттар, студенттер қатысты.

Форум аясында «жас мемлекеттік қызметкерлер», «жас кәсіпкерлер», «креативті жастар» және «білім беру және әлеуметтік жобалар» бағыттары бойынша әзірленген ұсыныстар мен бастамалар тыңдалды, сондай-ақ ТМД және ЕАЭО кәсіби жастар өкілдері үшін қызықты өзекті жобалар бойынша пікір алмасылды.

Жас кәсіпкерлер мен стартаперлердің жобаларын ынталандыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, ЕАЭО шеңберінде жобаларды іске асыру үшін белгілі бір гранттар, инвестициялар бөлетін жастар бастамаларын қолдаудың Еуразиялық қоры құрылатыны туралы айтылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан форумға Халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Жапалбаева Айжан Мұратбекқызы «Жас мемлекеттік қызметшілер» сессиясына қатысты.

Пікірталас барысында еліміздің президенттік кадрлық резервті қалыптастыру, мемлекеттік органдардың алға қойған міндеттеріне қол жеткізуде жобалық басқаруды енгізу бойынша оң тәжірибесі атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша форум қатысушылары пікір алмасып, өздерін қызықтырған мәселелерді талқылады.

Дата публикации
26 августа 2022
Дата обновления
26 августа 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы