2022 жылғы 10-12 тамыз аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей сарапшыларының қатысуымен еңбек инспекторларының бірінші өңірлік форумы өтті.
Іс — шараның негізгі мақсаты-Орталық Азия өңірі мен Ресейдегі еңбек саласындағы мемлекеттік қадағалау саясатын әзірлеу мен іске асырудағы ынтымақтастықты нығайту, еңбек инспекторларының білім деңгейін, тәжірибе алмасуын, іскерлік белсенділігі мен тиімділігін арттыру.
Іс-шарада азаматтардың еңбек көші-қоны саласындағы еңбек құқықтарын қорғау, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек заңнамасы, жазатайым оқиғаларды жіктеу және т. б. тақырыптар қозғалды.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының тұлғалық және кәсіби өсуіне бағытталған тренингтер өткізілді.
Жалпы алғанда, Форум азаматтардың еңбек құқықтары мен жұмыс берушілердің мүдделерін қорғау, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігін, өмірін, денсаулығын және әл-ауқатын сақтауды қамтамасыз ету саласындағы неғұрлым өзекті проблемаларды шешу процесіне белсенді тартылған жас еңбек инспекторларының қоғамдастығын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өту қажет.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Орталық Азия өңірі мен Ресейде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың заманауи тетіктерін енгізу бойынша бірыңғай тәсілдер әзірленді.