2022 жылғы 6-7 шілдеде Ташкент қ. (Өзбекстан Республикасы) ҚР ЕХӘҚМ өкілінің қатысуымен «2017 жылғы 17 наурыздағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ еңбек нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыру және жұмыс күшінің көші-қонын реттеу тұжырымдамасын» өзектендіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Жұмыс тобының отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдарының тұжырымдама жобасына келіп түскен ескертулері мен ұсыныстары, сондай-ақ осы құжатты өзектендірудің ықтимал бағыттары бойынша тұжырымдамалық тәсілдер мен ұсыныстар қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ еңбек нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыру және жұмыс күшінің көші-қонын реттеу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Жұмыс жалғасуда.