Меню

Страницы

Статья

Вице-министр Сағындықова Н.Е. Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің міндетін атқарушы В. Времиш мырзамен кездесу өткізді

2022 жылғы 30 маусымда ЕХӘҚ Вице-министрі Н.Е. Сағындықова ағымдағы және перспективалық ынтымақтастықты талқылау үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің міндетін атқарушы В.Времиш мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Вице-министр Министрліктің әлеуметтік саладағы ағымдағы жұмысы және БҰҰДБ-мен 2021-2023 жылдарға арналған «Әлеуметтік қорғау және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін іске қосу бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру» жобасы шеңберіндегі жемісті ынтымақтастық туралы хабардар етті.

Өз кезегінде В.Времиш мырза Қазақстандағы БҰҰДБ қызметінің кең бейіні және Министрліктің әлеуметтік және еңбек салаларындағы бастамаларына қолдау көрсету мүмкіндігі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, В.Времиш мырза Әлеуметтік кодекс жобасын әзірлеу бойынша бірлескен қызметті атап өтіп және консультациялар өткізуге, талдамалық ақпарат алмасуға және т. б. дайын екендігін мәлімдеді.

Кездесу соңында тараптар бірлескен жобалар аясында да, Министрлік қызметінің басқа бағыттары бойынша да сындарлы ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.

В.Времиш мырзаның Қазақстандағы миссиясының аяқталуына байланысты кездесуді қорытындылай келе, Вице-министр көп жылғы жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Дата публикации
30 июня 2022
Дата обновления
30 июня 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы