«Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы ____ ________ № ___ бұйрығының жобасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген.
Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі – БА) жобасы кіріспе және барлық экономикалық қызмет түрлері ортақ кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істейтін және кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда кеңінен таралған басшылардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық, технологиялық, жобалау, іздестіру ұйымдарында, редакциялық-баспа ұйымдары мен бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер лауазымдарының санаттар бойынша 309 біліктілік сипаттамаларын қамтиды.
БА қабылданған біліктілікке сәйкес қызметшілерді үш санатқа бөлумен әзірленген: басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер. Қызметшілерді санаттарға жатқызу жұмыскер еңбегінің мазмұнын құрайтын атқаратын жұмыс сипаттамасына байланысты (ұйымдастырушылық-әкімшілік, талдамалық-конструктивтік, ақпараттық-техникалық) жүзеге асырылады.
БА-ның мазмұны Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, лауазымдар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен көрсетілген. БА мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 40 астам ұсыныстарын ескере отырып, пысықталды. Ол 18 жаңа лауазымдармен толықтырылды, 4 ескірген лауазымдар жойылды, 15 лауазымдардың атаулары өзгертілді.
Қолдануға ыңғайлы болу мақсатында БА санаттар бойынша лауазымдардың атауларын, параграф және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткіші (қосымша), сондай-ақ 2012 жылғы басып шығарылған, бұрын қолданыста болған БА бойынша атауларын көрсетумен осы анықтамалықпе қарастырылған қызметшілер лауазымы атауларының тізімі қарастырылған.
БА ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алған.
БА жұмыскерлерге біліктілік талаптарын белгілеу үшін негіз болып табылады және еңбек қатынастарын реттеумен, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан әртүрлі экономикалық қызмет түрлерінің ұйымдарында персоналды басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу үшін қолданылады.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Анықтама: Бұрын қолданыста болған «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 8447 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті