Меню

Страницы

Статья

«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есепке жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығының САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есепке жазу) және аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – қағидалар жобасы) қатысты Сіздің ұсыныстарыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мәселесі бойынша (8-тармақ)

Жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары агенттің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында, 341-бабының 1-тармағында салық салудан, демек жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған төлемдер мен кірістер айқындалған.

Уақытша еңбекке қабілеттілігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы және әлеуметтік демалыстарға ақы төлеу салық кодексінің аталған баптарында аталмаған, осыған байланысты қағидалар жобасының 8-тармағында көзделмеген.

Сонымен қатар, ҚР Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 41)-тармақшасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен төленетін жәрдемақылар мен өтемақылар түріндегі кірістерге салық салынбайтынын атап өтеміз.

Дата публикации
22 апреля 2022
Дата обновления
22 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы