Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – қағидалар жобасы) қорытындысын қарап, келесіні хабарлайды.
ҚР Премьер-Министрінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкімімен ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - ПМК) енгізу мерзімі 2022 жылғы қыркүйек болатын қағидалар жобасын әзірлеу көзделеді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы № 342-V ҚРЗ Заңында (бұдан әрі-Заң) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу бойынша нормалар көзделген, оларды агенттер меншікті қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салымшының шартты зейнетақы шотына аударатын болады
Әзірленген ереже жобасы шартты-жинақтаушы құрамдауышты енгізу бойынша қолданыстағы заң нормаларына сәйкес келеді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Министрлік 2022 жылғы маусым – ПМК-ға енгізу мерзімімен Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өту қажет.
Тұжырымдама қабылданғаннан кейін заңға өзгерістер енгізу, оның ішінде шартты-жинақтаушы құрамдауышты қалыптастырудан азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарын толықтыруға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі-ЖМЗЖ) мақсатын өзгерту жөнінде Мемлекет Басшысы мақұлдаған нормалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Мемлекет Басшысы мақұлдаған түзетулер заңнамалық деңгейде қабылданғаннан кейін ғана әзірленген Қағидаларға тиісті өзгерістер енгізілетін болады.
Осыған байланысты, Қағидалар жобасына енгізілетін өзгерістер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3-1) тармақшасын іске асыруға бағытталған.