«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшрін айқындау және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
2022 жылғы 31 сәуірде бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған.
Бұдан басқа, жобаны қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.