Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы I тоқсандағы Ішкі аудит басқармасының аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша ақпарат

2022 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит басқармасы ағымдағы жылдың 1 тоқсанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да (бұдан әрі – Қоғам) аудиторлық іс-шара өткізілді.

Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша уақытша еңбекке жарамсыздығы, іссапар шығындары, жалақы төленуі, әлеуметтік төлемдерді төлеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау бөлігінде бұзушылықтар бар. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын сақтамауға жол берілген.

Анықталған бұзушылықтардың себебі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын лауазымды тұлғалардың сақтамауы болып табылады.

Қаржылық бұзушылықтардың анықталған сомалары бюджетке өтелді және бухгалтерлік есеп бойынша толық көлемде қалпына келтірілді.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объект басшысына ішкі аудит нәтижелері туралы есепке Министрдің шешімі жіберілді және Қазақстан Республикасы заңнамасын одан әрі бұзушылықтарды жою және алдын-алу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі аудит объекті жұмысының тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті, оның ішінде Қоғамның ведомствоішілік бұйрықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.

Басқарма объектке ішкі аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетті.

 

Дата публикации
31 марта 2022
Дата обновления
31 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы