Балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күрес
жөніндегі анықтама
Қазақстан Республикасының Үкіметі ХЕҰ-ның ратификацияланған конвенцияларын ескере отырып, балалар еңбегінің ең нашар нысандарының алдын алу және оларды жою мәселелеріне ерекше назар аударады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда балалар еңбегіне жол бермеу үшін жеткілікті құқықтық база және осы мәселе бойынша заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету тетіктері құрылды, сондай-ақ балаларды балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тартқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Анықтама үшін:
2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған ҚР жаңа Қылмыстық кодексінің аясында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалық нормалардың тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясы» Жолдауында белгіленген тапсырмасын орындауға қатысты балаларға қарсы қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды.
Осылайша, жұмыс берушінің кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстарға кәмелетке толмағандарды тарту бөлігінде еңбек заңнамасын бұзғаны үшін екі жүз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және т.б. көзделеді (153-бап).
Бұдан басқа, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, кәмелетке толмағанды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту және т.б. үшін қылмыстық кодекстің белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды белгілей отырып, жазалау мерзімдері айтарлықтай ұлғайтылды.
Сондай-ақ, 2014 жылғы 5 шілдеде қабылданған жаңа «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің шеңберінде еңбек саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік айтарлықтай күшейтілді. Атап айтқанда, Жұмыс берушінің кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған еңбек шартын жасаспай адамды жұмысқа жіберуі лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және т. б. айыппұл салуға алып келеді.
қолданыстағы ҚР Еңбек кодексі ХЕҰ №182 Конвенциясының нормаларын толық көрсетеді.
Анықтама үшін:
«Жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы туралы» № 138 Конвенция Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 14 желтоқсандағы Заңымен (бұдан әрі – Заң) ратификацияланған.
Конвенцияның 2-бабының 3-тармағына сәйкес ең төменгі жас міндетті мектеп білімін бітіретін жастан төмен болмауға тиіс және кез келген жағдайда он бес жастан төмен болмауға тиіс.
Конвенцияның 3-бабына сәйкес «Балалар еңбегінің ең нашар түрлері» термині мыналарды қамтиды:
а) құлдықтың барлық түрлерін немесе мәселен, балаларды сату және оларды саудалау, қарыз кіріптарлығы мен крепостнойлық басыбайлылық, сондай-ақ мәжбүрлі немесе міндетті еңбек, оның ішінде балаларды қарулы қақтығыстарда пайдалану үшін оларды мәжбүрлі немесе міндетті жалдау сияқты құлдыққа ұқсас практиканы;
с) тиісті халықаралық шарттарда белгіленгеніндей, баланы заңсыз қызметпен айналысу үшін, атап айтқанда есірткі заттарды өндіру және сату үшін пайдалануды, жалдауды немесе ұсынуды;
ҚР еңбек заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және ҚР балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу болып табылады (4-бап).
Бала еңбегін пайдалануға жол бермеу мақсатында ҚР Еңбек кодексінде еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері айқындалған.
Анықтама үшін:
ҚР Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушының жазбаша келісімімен еңбек шарты:
1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;
2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;
Бұдан басқа, Еңбек кодексінде ата-аналардың біреуінің, қорғаншының, қамқоршының немесе асырап алушының жазбаша келісімімен кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, белгілі бір жағдайларды сақтай отырып (оқудан, жұмысқа денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын бос уақытта) туындыларды жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шартын жасасуға мүмкіндік беретін норма заңнамалық түрде бекітілген.
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі бекітілді, онда кәмелетке толмағандардың еңбегі жиі пайдаланылатын ауылшаруашылық өндірісі де қарастырылған.
Мемлекет кәмелетке толмағандардың еңбегіне қойылатын заңнамалық талаптарды белгілей отырып, олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар (еңбек инспекциясы, прокуратура, білім басқармасы) жүзеге асырады.
Еңбек министрлігінде 2006 жылдан бастап Балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді (соңғы отырыс 2019 жылғы 25 қыркүйекте өтті).
Сондай-ақ, 2019 жылғы тамызда Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі 2020 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Қазіргі уақытта Үйлестіру кеңесінің құрамын жаңарту және
Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту бойынша жұмыс жүргізілуде.