«Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына
баспасөз-релизі
«Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасының (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) баспасөз-релизі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында әзірленді.
Аталған Заңда ақталған адамға куәлік беру тәртібін және ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне беру көзделген.
Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылғы 25 қаңтарда жарияланды. Жобаны қарау үшін келесі сілтеме арқылы өту қажет https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13970798.