Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы "Дағдылар бойынша тиімді ұлттық стратегияларды қалыптастыру" жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 205 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы "Дағдылар бойынша тиімді ұлттық стратегияларды қалыптастыру" жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы "Дағдылар бойынша тиімді ұлттық стратегияларды қалыптастыру" жобасын іске асыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының |
|
||
|
Премьер-Министрі |
А. Мамин |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
|
|
Жоба |
||