Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 435 қаулысы.
Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 21 қарашада ратификациялаған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні Қазақстан Республикасының орындауы туралы екінші кезеңдік баяндама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні Қазақстан Республикасының орындауы туралы екінші кезеңдік баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 435 қаулысымен бекітілген |