Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасының баспасөз-релизі
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.
Көрсетілген жобаны қабылдаудың мақсаты Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін бекіту және ақталған адамға куәлік беру тәртібін, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту жөніндегі мәселелерді Министрліктің функцияларына жатқызу болып табылады.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан. Жобаны қарау үшін келесі сілтеме арқылы өту қажет https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13917915