Меню

Страницы

Статья

«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасының баспасөз-релизі

«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді

көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына өзгерістер

енгізу туралы» Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрі бұйрығының жобасына

баспасөз-релизі

 

«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасының (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) баспасөз-релизі 2021 жылғы 24 қарашада қол қойылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында әзірленді.

Аталған Заңда ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру тәртібін және ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыретіне беру көзделген.

Осыған байланысты, Министрлікпен «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» бұйрық жобасы әзірленіп, қазіргі кезде мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жіберілді.

Аталған Бұйрық жобасын қабылдау мақсаты «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібінің күшін жою болып табылады.

Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2021 жылғы 23 желтоқсанда жарияланды. Жобаны қарау үшін келесі сілтеме арқылы өту қажет https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13857617

 

Дата публикации
23 декабря 2021
Дата обновления
23 декабря 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы