ҚР ЕХӘҚ бірінші вице-министрі А.А. Сарбасовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдарымен, Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Елшілігі, Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулдығы басшысы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы әкімдіктерінің қатысуымен (бейнеконференцбайланыс форматында) қауіпсіз және заңды еңбек көші-қонын ұйымдастыру және еңбек көші-қоны саласындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген кеңес ұйымдастырылды
Кездесу кезінде тараптар сыртқы еңбек көші-қоны саласында жүргізіліп жатқан реформалардың, "COVID-19" пандемиясы жағдайында Өзбекстан Республикасының азаматтарының Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған еңбек көші-қоны, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және т. б. өзекті мәселелерін талқылады.
Бұдан басқа, өзбек тарапы бірлескен жұмыс тобын құру және еңбек көші-қоны саласындағы 2021-2022 жылдарға арналған ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеу туралы ұсынысқа бастамашылық етті.