Меню

Страницы

Статья

Еңбекминінің басшысы Жапонияның ҚР-дағы Елшісімен әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесу өткізді. Сыпайылық сапары барысында тараптар Жапониямен дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 30 жылдығы қарсаңында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру және ҚР Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы негізінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) басым міндеттерін талқылады.

Келіссөздер барысында Серік Шәпкенов мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастар жалпы тек достық ниетінде құрылатынын, дәстүрлі түрде жоғары деңгейдегі байланыстармен қолдау табатынын және өз дамуын жалғастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ Министр Еңбекмині жапон тарапымен Қазақстан-Жапония экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясы шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес әлеуметтік-еңбек саласында тәжірибе алмасуды жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Осылайша, 2018-2019 жылдары әлеуметтік қорғау, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты формализациялау және зейнетақымен қамсыздандыру саласында тәжірибемен алмасу жүргізілді», – деді Серік Шәпкенов.

Ол сондай-ақ екі елдің маңызды біріктіруші факторларының бірі ядролық сынақтардың салдарын зерделеу жөніндегі бірлескен жұмыс болып табылатынын атап өтті.

«Біздің заңнамада Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қолдауға бағытталған бірқатар шаралар қарастырылған, бұл біржолғы ақшалай өтемақы, қосымша еңбекақы және ақысы төленетін жыл сайынғы қосымша демалыс, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жеңілдікпен тағайындау және сынақтармен себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және сынақтарға тікелей қатысушылар үшін ай сайынғы арнайы жәрдемақы», – деп хабарлады Еңбекминінің басшысы.

Сондай-ақ, Серік Шәпкенов Жапония өкіліне Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде айқындалған – ең төменгі жалақысыны және педагогтер, дәрігерлер және әлеуметтік сала қызметкерлері қатарынан азаматтық қызметшілердің жалақысының деңгейін арттыру сияқты ведомствоның басым міндеттері туралы айтып берді.

Өз кезегінде Джун Ямада әлеуметтік-еңбек саласында жүргізіліп жатқан екі мемлекеттің бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Еңбекминінің іске асырып жатқан бастамаларының маңыздылығын атап өтті.

Дата публикации
08 декабря 2021
Дата обновления
08 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы