Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

  «Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы  2021 жылғы 2 желтоқсандағы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – қаулы жобасы).

Қаулы жобасы республикалық және жергілікті бюджет деңгейінде мүгедектерге кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен, нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарға, арнайы қозғалыс құралдарға (кресло-арбаларға), санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайтуға, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарын кеңейтуге және Spina bifida диагнозы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бір реттік қолданылатын катетерлерді ұсыну облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қалаларының, астана бюджеттерімен ағымдағы нысаналы трансферттерді 2021 жылы пайдалану тәртібін айқындайды.

Дата публикации
04 декабря 2021
Дата обновления
04 декабря 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы