Меню

Страницы

Статья

онлайн-сауалнама нәтижесі

Министрліктің интернет-ресурсының басты бетінде азаматтарға әдеп нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік органдар жұмысының тиімділік деңгейін анықтау бойынша онлайн-сауалнама орналастырылған, ол тоқсан сайын жаңартылып отырады.

         Сауалнама нәтижесі төмендегідей:

  • қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы бойынша қойылатын жоғары талаптар жалпы органдағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жоюға оң әсерін тигізуі мүмкін деп ойлайсыз ба? деген сұраққа респонденттердің: «иә, келісемін» - 67%; «ішінара әсер етеді» - 24%; «менің ойымша, әсер жоқ» - 9%;
  • күнделікті өмірде Сіз ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілері тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзуға қаншалықты жиі ұшырасасыз? деген сұраққа: «әдеп нормаларын бұзбайды» - 71%; «сирек» - 25%; «мемлекеттік қызметшілермен өзара әрекеттеспеймін» - 4%;
  • Сіз «көлік құралдары жүргізушілерінің көлік құралы қозғалысының белгіленген жылдамдығын оннан жиырма километрге дейінгі шамаға арттыруы» түрінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған мемлекеттік қызметші қызметтік әдеп нормаларын бұзды деп ойлайсыз ба? «иә, бұзушылық орын алады» - 12%; «жоқ, өйткені ол әкімшілік жазаға тартылды» - 28%; «жоқ, өйткені әкімшілік құқық бұзушылық оның қызметтік әрекетіне қатысы жоқ» - 60% жауап берді.

Қорытындысы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қоса, Министрлік халықпен тиімді өзара іс-қимыл жасау және азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу кезінде әуре-сарсаңға салуды болдырмау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Дата публикации
03 декабря 2021
Дата обновления
03 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы